Астана қаласында тұратын Ариана Фаррахова көшеде жұмыс істеп жатқан кезде харассментке ұшырады. Өзінің жұмыс істеп жатқан сәтін жеке блогына жариялау үшін видеоға түсірген кезде ол бұл бейнежазба кейін іске тіркелетін айғаққа айналады деп мүлде ойламағанын айтады.
8 тамызда Одесса облысындағы Әзербайжан мемлекеттік SOCAR компаниясына тиесілі мұнай базасы мен Украинаны Әзербайжан газымен қамтамасыз ететін сол жердегі компрессор станциясын Ресей күштері атқылағаннан кейін Баку мен Мәскеу арасындағы онсыз да шиеленіскен жағдай одан сайын ушыға түсті.
Польшада Қазақстанның әскери дипломаты ұсталды. Ол Украинадағы Қазақстан атташесінің аппаратында қызмет етеді. Бұқаралық ақпарат құралдары ол "тыңшылық жасады" деген күдікпен ұсталған деп жазды. Бұл оқиға нені білдіреді, Қазақстанға тигізер әсері қандай? Сарапшымен талқыладық.
АЭС референдумы қарсаңында ұсталған бес адамның Алматыдағы сот процесі аяқталуға жақын. Айыптау тарапының айтуынша, зейнеттегі және зейнетке таяп қалған ер азаматтар 2024 жылғы 6 қазандағы дауыс беру күні "жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырмақ болған". Қорғаушылар істе дәлел-айғақ жоқ дейді.
13 тамыздан бастап Starlink компаниясы Қазақстанда ресми түрде спутниктік интернет қызметін ұсына бастайды. Бұл туралы Қазақстанның цифрлық даму министрлігі хабарлады. Ведомство компания барлық талабымызға келісті деп мәлімдеді. Нақты қандай талаптар екенін айтпады.
Бір кездері Қазақстанға гүл экспорты бойынша алғашқы он елдің қатарында да болмаған Қытай былтыр елге сатуға әкелінген гүл көлемі бойынша үшінші орынға шықты. Қытай гүлдері қазақ кәсіпкерлерін несімен баурап алды?
АҚШ президенті Дональд Трамп көмекке емес, инвестицияға көбірек иек артып келеді. Ол АҚШ-тың халықаралық жәрдем мен дамуға бөлінген миллиардтаған долларын қысқартып, Халықаралық даму қаржы корпорациясының (DFC) шығындарын төрт есе ұлғайтты.
Ресейдің экс-президенті Дмитрий Медведевтің ұлы Илья елдегі ірі мемлекеттік өнеркәсіп конгломераты "Ростех" корпорациясына еншілес компанияда істейді. Украинадағы соғыста пайдаланатын қару-жарақтың бір бөлігін осы корпорация өндіреді. Мұны Азат Еуропа/ Азаттық радиосының "Система" жобасы анықтады.
Президент Садыр Жапаров азаматтық қоғам мен халықаралық ұйымдар сынға алған медиа туралы заңға қол қойды. Бұл заң барлық цифрлық платформаларды БАҚ ретінде тіркелуге міндеттейді және шетел азаматтары мен шетелдік компаниялардың жергілікті медиакомпаниялардағы үлесін 35 пайыздан асыруға тыйым салады.
31 жастағы сурдоаудармашы Айдана Жапарованың өмір жолы тағдыр тәлкегіне мойымаған табандылық пен қайсарлықтың жарқын үлгісі болуға лайық. Мүлде естімейтін жандардың отбасында туған ол жас шағында ауыр дертті жеңе білді. Айдана қазір сахнаға шығып, құлағы естімейтін көрерменді өнермен табыстырып жүр.
Тағы